"Ақжолтай" редакциясы


MENU
Главная » 2015 » Ақпан » 24 » Жуан дауысты дыбыстар
11:49 AM
Жуан дауысты дыбыстар

Хамзина Гульмира Кабденовна

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жуан дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы білімдерін

қалыптастыру.

2. Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

3. Шығармашылық ұқыптылыққа, жинақылыққа және сауатты, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланатын көрнекті құралдар: проектр, тірек сызба, суреттер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

П. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.

- Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

- Төрт түлік малға не жатады?

- Олардың қайсысы туралы біз сабақтарда айттық?

- Мына буклеттерде берілген суреттерге қараңдаршы. Не айтуға болады?

- Тақтаға назар аударайық. Мына жануарларға байланысты қандай өлең жолдарын білесіндер?

- Түйе туралы не білесіңдер? Жылқы: «Боз бие, құлыншақ». Қой «Қошақан».

- Төлдерін қалай атаймыз?

- Оларды қалай шақырамыз?

ІП. Мақсат қою кезеңі

ІV. Жаңа сабақ.

- Балалар бүгін бізге сабаққа қаңақ келеді. Кім екенін жұмбақтың шешуінен табуға болады

Жұмбақ

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не? (сиыр) Слайд №5

СИЫР: МООО , Сәлеметсіздерме , балалар!

- Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.

Слайдтар жүргізіліп отырады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің сұрақтары:

Слайд №1. : Алфавитте неше әріп бар? (42 әріп бар)

Слайд№2 : Алфавиттегі әріптер неше топа бөлінеді?

Слайд№3 . Дауысты дыбыстар қандай болып бөлінеді? (Жуан және жіңішке дыбыстар)

Слайд №4. Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар.(а, о, ұ, ы)

Оқулықпен жұмыс: «Сиыр» өлеңін мәнерлеп оқу.

- Өлеңде не туралы айтылған?

VII. Бекіту. Деңгейлік тапсырмалар:

Қызыл, жасыл, көк түске жазылған карточкалар таратылады.

Сабақты қорытындылау. Сиырдың адамға қандай пайдасы бар?

- Бүгін мен сендерге сондай риза болдым.Мен туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Ондай болса менен осындай сыйлықтар қабыл алыңдар (оқушыларға «Милки уей» шоколады және раскраскалар таратылады).

Рефлексия: Балалар сендерге сабақта бәрі түснікті болды ма?

Толығымен түсінікті болса шөлмектің сыртқы қағазың көк түстіге бояйсындар. Түсінбеген жерлерін болса қызыл түске бояндар.


 


 

Просмотров: 663 | Добавил: Акжолтай | Теги: Хамзина Гульмира Кабденовна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
"Ақжолтай" республикалық педагоктарға арналған газеттің интернет нұсқасы-2015