"Ақжолтай" редакциясы


MENU
Главная » 2015 » Ақпан » 17 » Тарих пәнін оқыту үдерісінде оқушы құзыреттілігін дамытудың инновациялық тиімділіктері.
4:51 PM
Тарих пәнін оқыту үдерісінде оқушы құзыреттілігін дамытудың инновациялық тиімділіктері.

Құзыреттілік тұғыры бойынша білім беру прагматикалық сипатта болады және мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу және оны ретке келтіре алуы; өзінің алдындағы міндеттерін өз бетімен шеше алу біліктілігі.

Бұл үшін «құзырет» және «құзыреттілік» деген ұғымдардың мән мағынасын ашып алайық:

- «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін, құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;

  • Құзыреттілік- алған білім, білік, тәжірибе мінез- құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;

  • Құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; құзыреттілік тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында қалыптасқан. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология қолданылады екен.

Тарих мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегін құрайды. Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы жаңа ғасыр табалдырығын аттап отырған кезде білім, білік дағдыларды меңгертумен қатар танымдық белсенділігін, шығармашылық қызметін және дүниетанымдық көзқарастарын кеңейте отырып, оларды жан-жақты дамыту- бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Тарих сабақтарында оқушылардың баяндамалар мен рефераттар дайындауы, жобалар құру сияқты ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру да қазірде кең қолданылып жүрген тәсілдердің бірі. Оқушы осы жұмыстарды орындау кезінде көптеген ақпарат көздерін қолдана алады. Әр слайд жасаған сайын оқушы сырттай болса да суреттші-дизайнерге айналады. Осы арқылы оқушыда шығармашылық ізденіс пен қатар әсемдікке деген ұмтылысы да қалыптасады. Өзі еңбектеніп жасаған слайдының өзгелерден ерекшелігін топтың алдында қорғауда көпшілік алдында сөйлеуге үйренеді.

Бүгінгі күні қоғамның дамуы ақпараттық жүйелерді барлық салаларда қолдануды талап етеді. Демек, қазіргі күннің мұғалімі де өзінің білімі мен біліктілігін, сабақ жүргізудегі әдіс-тәсілдерін ақпаратық жүйелермен байланыстыру арқылы – білімді, қабілетті, сауатты, өз бетімен білім алуға қабілетті азаматтарды тәрбиелейді.

А. Н. Идирисова, А. С. Дайырбеков

21 ЖОББМ КММ, тарих пәні мұғалімдері

Просмотров: 640 | Добавил: Акжолтай | Теги: инновациялық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
"Ақжолтай" республикалық педагоктарға арналған газеттің интернет нұсқасы-2015