"Ақжолтай" редакциясы


MENU
Главная » 2015 » Ақпан » 17 » Салт дәстүр – асыл қазынам
3:37 PM
Салт дәстүр – асыл қазынам

 

Қазақ дәстүрлі мәдениеті

Ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге. Келешек ұрпақ өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет. Туған тілінің асыл қазынасын бағалай білген ұрпақ қана халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды.

Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған.

Қазақтың байырғы өлшемдері

Мақсат: оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, тіл байлығын жетілдіру, қазақ дәстүрлі мәдениетін дәріптеу.

І. Жеті күнді санау

1. Бүгін.

2. Ертең.

3. Бүрсігүні.

4. Арғы күні.

5. Қасиетті күн.

6. Соңғы күн.

7. Азына

Түнеугүні – бірнеше күн бұрын.

ІІ. Мүшел жас

1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау)

2-мүшел – 25 жас (жігіттік шақ)

3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)

4-мүшел – 49 жас (орта жас)

5-мүшел – 61 жас (орта жас)

6-мүшел – 73 жас (қарттық)

7-мүшел – 85 жас (кәрілік)

8-мүшел – 97 жас (қалжырау)

9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)

10-мүшел – 121 жас (немене сүю)

ІІІ. Азық-түлікке қатысты өлшемдер

1. Бір асым (ет)

2. Бір елі (қазы)

3. Бір жапырақ (ет, нан)

4. Бір жұтым (қымыз, сүт)

5. Бір тұтам (қазы)

6. Бір ұрттам (қымыз, ет)

7. Бір уыс (бидай, тары)

8. Бір үгім (тұз)

9. Бір үзім (нан)

10. Бір шөкім (тұз)

11. Бір шымшым (тұз)

12. Жұдырық басындай (ет, қазы)

13. Қайнатым: бір қайнатым (шай)

14. Салым: бір салым (тұз, шай)

15. Турам (ет, нан).

ІҮ. Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері

  1. Елі – саусақтың көлденең қалыңдығы, ені.

  2. Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5-еліге тең ұзындық өлшемі.

  3. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.

  4. Сынық сүйем – сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі.

  5. Қарыс сүйем – бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері.

  6. Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.

  7. Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.

  8. Кере қарыс - бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандығы аралық мөлшері. Кейде жырта қарыс деп де атайды.

Ү. Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдері.

1. Білем – саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы.

2. Шынтақ – қолдың басы мен шынтақ аралығы.

3. Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың аралығы.

4. Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасы.

5. Кере (сала) құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы.

ҮІ. Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері.

  1. Табан – Аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы.

  2. Адым (қадам) – Жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы.

  3. Аттам – Екі аяқты кере созғандағы қашықтық.

ҮІІІ. Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері.

  1. Шымшым - Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем.

  2. Шөкім – Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.

  3. Бір уыс – Қол саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем.

  4. Қос уыс – Қос қолдың саусақтарын бірге жұмдастыра бүккендегі өлшем.

ІХ. Қашықтық өлшемдері.

Өте жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

  1. Аттам (бір аттам) жер.

  2. Бөрік тастам жер.

  3. Иек артпа жер.

  4. Қол (құлаш) созым жер.

  5. Қырық қадам.

  6. Тас лақтырым жер.

  7. Таяқ тастам жер.

Жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

  1. Ат шаптырым жер.

  2. Ат жетер жер.

  3. Аяқ жетер жер.

  4. Әудем жер.

  5. Қозы қош жер.

  6. Тай шаптырым жер.

  7. Сәскелік жер.

Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері.

  1. Айшылық жер.

  2. Ит өлген жер.

  3. Қырық күншілік жер.

Х. Тереңдік өлшемдері.

Адам бойына байланысты

тереңдік өлшемдері.

  1. Тобыққа дейін.

  2. Тізе бойы.

  3. Белуар (белбуар) бойы.

  4. Кіндік бойы.

  5. Кісі бойы.

Мал тұрқымен байланысты тереңдік өлшемдері.

  1. Ат тұяғына дейін.

  2. Ат шашасына дейін.

  3. Аттың тізесіне дейін.

  4. Ат бауырына дейін.

  5. Ат сауырына дейін.

  6. Ат құлағына дейін.

ХІ. Экологиялық уақыт өлшемдері.

 

  1. Ай туғанда.

  2. Алғаш қар жауғанда.

  3. Жер көктегенде.

  4. Жұлдыздар өшкенде.

  5. Күн батарда.

  6. Күн арқан бойы көтерілгенде.

  7. Күн көтерілгенде.

  8. Күн күркірегенде.

  9. Күн төбеге көтерілгенде.

  10. Қансонарда.

  11. Қырау түскенде.

  12. Таң бозарып атқанда.

  13. Таң шүбірлеп атқанда.

  14. Шөп сарғайғанда.

Қазыбаева Ж.К.,

ШҚО, Семей қаласы

«№35 ЖОББМ» КММ


 

Просмотров: 997 | Добавил: Акжолтай | Теги: Дәстүр | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
"Ақжолтай" республикалық педагоктарға арналған газеттің интернет нұсқасы-2015