"Ақжолтай" редакциясы


MENU
Главная » 2015 » Ақпан » 17 » Ойын - баланың білім-білік дағдысын
5:26 PM
Ойын - баланың білім-білік дағдысын

Ойын - баланың білім-білік дағдысын

қалыптастыратын тәрбие құралы

Рахимжанова Айман Абитаевна

«№17 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

 

Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С. Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері

Мұғалім балаларының ойын үстінде әр алуан сезімдер мен эмоциялық күйге бөленетін (қуану, ренжу, мақтап ету, риза болу, қызғану, өкіну) және бұл сезімдердің ойындағы ұтысқа немесе ұтылысқа , көмек көрсетуге не көмек алуға байланысты болатынын есте ұстау қажет. Мұғалімнің міндеті: ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау.

Оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Бұл арада сабақ мазмұнын ашатын ойын түрлерін алдын ала тақырыпқа сай іріктеп алудың шешуші маңызды болатынын айтқан жөн. Әйтпесе кез келген ойын күткен мақсаттан шыға бермейді. Ойын - үйрету әдісінің ерекше түрі. Ойын үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.Сабақта ойындардың оқушының жас ерекшілігіне сай, бағдарламаға лайық болуын еске ұстаймын. Сондай-ақ өткен материалдарды тиянақтап, пысықтау және оларды пәнге қызықтыру мақсаттарын қойдым. Қорыта айтқанда, бастауыш сыныптарды ойын түрлері пайдалану маңызды рөл атқарады. Сабақ тартымдылығы өткен материалдарды оқушылардың ойдағыдай меңгеруінің басты бір шарты екендігін практикадан байқап жүрмін. Сондықтан өз басым сабақтың осы тартымды, қызықты болу мүмкіндігін қарастыра отырып, оған үлкен мән беремін.


 


 

Просмотров: 683 | Добавил: Акжолтай | Теги: Рахимжанова Айман Абитаевна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
"Ақжолтай" республикалық педагоктарға арналған газеттің интернет нұсқасы-2015