"Ақжолтай" редакциясы


MENU
Главная » 2015 » Ақпан » 24 » ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰСТАНЫМЫ
12:17 PM
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰСТАНЫМЫ

Батталова Ғалия Әлімғазықызы- үздіксіз, тынбай, жас ұрпаққа сапалы білім беруге отыз бір жылын арнаған ұлағатты ұстаз. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруда аянбай қызмет атқаруда.Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың Кембридж бағдарламасының І(ілгері)деңгей бағдарламасы бойынша білім алған сертификат иесі.Өз жұмысын осы бағдарлама талаптары бойынша жүргіп келеді. «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінде» математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Батталова Ғалия Әлімғазықызы онжетінші жыл еңбек етеді. Ғалия Әлімғазықызы сабақ беру барысында әр түрлі әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланады. Бағдарламалық материалдарды терең меңгерген,ғылым негіздерін өте жақсы біледі.Соның нәтижесінде өзі сабақ беретін сыныптардың оқушылары түрлі конкурстарда жүлделі орындарды иеленіп келеді,

 

Ғылым жаңалықтарын еркін сезінетін жоғары әдістемелік әзірлігі бар, көпшілікке үлгі болар ұстаз.

Өзекті тақырыбы:« Математика сабақтарында диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі деңгейлі сұрақтар қолдану арқылы оқушыларды сыни ойлауға жетелеу».

Өз жұмысында оқытудың жеті модулін пайдалана отырып оқушыларға сапалы білім беру үшін аянбай еңбек етуде. Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар қоюды өз тәжірибесінде сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолданып, өзінің педагогикалық іскерлігін жетілдіріп отырады.

Өзінің педагогикалық іс-тәжірибесімен үнемі әріптестерімен әдістемелік бірлестіктің отырыстарында, педагогикалық кеңестерде бөлісіп отырады.Мектептің әдістемелік кеңесінде«PISA халықаралық зерттеулерінің аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын өткізу» деген тақырыпта мектеп ұстаздарына дәріс және «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды сабақтарда қолдану тәжірибемнен»деген тақырыпта шеберлік-сыныбын (мастер-класс) өткізді.

Өз тәжірибесін Республика көлемінде таратуға да ат салысып келеді осы бағытта бірнеш е конференцияларға қатысты, БАҚ беттерінде іс-әжірибесін жариялап келеді. Сондай-ақ

Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға баяндамалар дайындап қатысып отырады. 2012 ж. «Әуезов мұрасы және қазіргі жастардың гуманитарлық тәрбиелеу мәселесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Әл Фараби мұраларын мектептегі математика сабақтарында қолдану» тақырыбында және «Шығыс жаршысы» атты ғылыми журналда «Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар арқылы оқушыларды сыни оййлауға жетелеу» тақырыбында баяндамалары (2014ж.) жарияланды.Семей мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған «Опыт и проблемы преподавания геометрии в школе»атты оқу-әдістемелік семинарда «Геометрия сабағында АКТ тиімді қолдана отырып,оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру»атты баяндамасымен қатысты.(2015ж).Семей қалалық білім бөлімі өткізген «Озық педагогикалық іс-тәжірибе»тақырыбындағы идеялар галереясына өз жұмыстарын ұсынып, қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды(2014ж).

Мұғалімнің республикалық ғылыми-әдістемелік «Информатика-математика-физика»(2012ж) және «Коллеги» республикалық интернет журналына бірнеше ашық сабақтары шықты.

Өзі қызмет істеген сыныптарда 2012-2013, 2013-2014, 2014-2015оқу жылдарында математика пәнінен білім сапасы 51-53% көрсетіп отыр.

Ғалия Әлімғазықызы 11- сыныпта алгебрадан «Иррационал теңдеулерді шешу тәсілдері», 7- сыныпта геометрия пәнінен «Үшбұрыштың сыртқы бұрышы»,6-сыныпта «Рационал сандарға амалдар қолдануды бекітуге есептер шығару» тақырыптарында ашық сабақтарын және сыныптан тыс 9-сыныптар арасында «PISA халықаралық зерттеулерінің тапсырмаларын орындау » деген тақырыпта семинар өткізді.

Өз сабақтарында педагогикалық технологиялардың әдістемелерін тиімді пайдаланып, оқушыларды ынталандыра, қызықтыра біледі.

Геометрияның негізгі тапсырмаларына арналған «Дайын сызбалар мен есептер шығарту» және мұғалімдерге арналған «Математика үйірмесінің бағдарламасы» атты әдістемелік-көмекші құралдарын шығарды. Бірінші деңгейді бітіргеннен кейін мектептің даму жоспарын құруға өз үлесін қосты. Бүкіл ұжым мүшелерінен коуч пен ментор ролін белгіледі. Жақсы тренер ретінді адамның әлеументіне сенімді және олдардың қолынан келетіннің барлығын жасай алатындығына жас ұстаздарды сендіре білді. Жас ұрпаққа саналы тәртіп, сапалы білім беруде бүгінгі күн жаңалықтары мен жаңашыл оқыту әдістемелері арқылы өз білімін көтеруге баса назар аударады. Соның айғағындай бірінші деңгейлік оқуды бітірдім деп қарап отырмай 2014жыл PISA халықаралық зерттеулері аясында математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды өткізу тақырыбында 72сағатӨрлеу»АҚ) Өскемен қаласындағы курстан өтіп келді.

Ғалия Әлімғазықызы өзін аса сауатты, мамандығының білгірі, тәжірибелі ұстаз ретінде көрсете білді. Мектеп ұжымы мен өз әріптестері арасында беделді, ата-аналарға сыйлы. Ғалия өзін де, өзгені де құрметтей білетін ұстаз. Біз әріптестері Ғалия Әлімғазықызына шығармашылық табыстар тілей отырып, біздерге үлгі болып келе жатқан ұлағатты ұстанымыңыздан таймаңыз дейміз!


 

А. К. МУКАТАЕВА, математика пәнінің жоғары санатты ұстазы

«№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» Семей қаласы


 

Просмотров: 1167 | Добавил: Акжолтай | Теги: Батталова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
"Ақжолтай" республикалық педагоктарға арналған газеттің интернет нұсқасы-2015