"Ақжолтай" редакциясы


MENU
Главная » 2015 » Ақпан » 17 » ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТҮРЛЕРІ
5:00 PM
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТҮРЛЕРІ

Сағынбаева Халида Шалқыбайқызы-

география пәні мұғалімі

Семей қаласы №22 жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

Қазіргі заман - білім беру адамзаттың ортақ мүлігіне айналған дәуір болып есептелінеді. Бір жерде жаңалық ашылса, ол басқа жерде тез қолданысқа енуде. Әрбір адамзаттың міндеті- дүниежүзіндегі жаңалықтар мне дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұғыну. Олай етпесек, көштен қаламыз.Өткені, ғасырымзда барлық саланың даму қарқыны өте жедел жүзеге асуда. Ал дамудың негізі – білімде.

XXI- ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Қазіргі таңда оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдану мүмкіндігі бар. Күнделекті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Олар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, өздерінің түсінбеген жерін қайталап көруге, тыңдауға, алған мағлуматты нақтылауға мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін мектептерде қазіргі таңда білім берудің дәстүрлі түрлерін өзгертудің және жаңа оқыту техналогияларын пайдалану ұсынылып отыр. Олар әрекеттің әртүрлі формаларын қамтиды, сондықтан да сабақты саяхат-сабақ, диспут-сабақ, конференция-сабақ , ойын түрлерін пайдаланған сабақ және тағы басқа түрлерінде өткізуге болады.

Сондықтан ,қазіргі география жаңалықтары пән ерекшелігін білу оқыту мақсатына жетудің бірден –бір жолы Өзге оқу пәндері сияқты географиядан білім дағдыларын меңгерту,қызықтыру,ойлау, жеткізіп айту, есте сақтау ерекшеліктерін дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады.

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан шаруашылығы»

тақырыбын қорытынды қайталау.\

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Оқушылардың Қазақстан шаруашылығы салаларының құрылымының экономикалық-географиялық сипаттамасы, өнеркәсіптің негізгі салалары, ауыл шаруашылығы, көлік кешендері туралы білімдерін қорытындылау.

Дамытушылығы:

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілігі:

Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, жолдасына көмек беруге үйрету.

Пәнаралық байланыс:

География, тарих, химия, биология.

Сабақтың көрнекілігі:

1.Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.

2.Секундомер.

3.Ортақ бағалау парағы.

4.Фишкалар.

5.Үй тапсырмасы. (әр команда 2 сұрақтан)

6. Конкурс тапсырмалары.

7. Жауап үлгілері.

Сабақтың түрі: Қорытынды қайталау.

Сабақтың өту әдісі: Оқыта үйрету ойыны «Бақытты сәт»

Ойынның жүру барысы.

Сынып 2 командаға бөлінеді. Әр команданың өз Капитаны және атауы болады.

1 гейм «Бой сергіту»

Командаларға 8 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.

«А» командасының сұрақтары.

  1. Егер 1 т. металл өндіру үшін электр энергиясы көп жұмсалатын болса, ондай өндіріс не деп аталады? (Энергияны көп қажет ететін)

  2. Қара металл алу үшін қажетті шикізат. (Темір)

  3. Ең ірі ферроқорытпа зауыттары. (Ақсу мен Ақтөбе)

  4. Қазақстандағы титан-магний өнеркәсібінің орталығы. (Өскемен)

  5. Толық циклді қара металлургия комбинаты орналасқан қала. (Теміртау)

  6. Мұнай қоры жағынан Қашаған дүние жүзінде нешінші орында. (Үшінші)

  7. Егерде металлургиялық зауыт кеннің жанында орналасса бұл қандай факторға жатады? (Шикізат)

«Б» командасының сұрақтары.

1.Қазақстан шаруашылығының басты саласы. (Өнеркәсіп)

2. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп қай топқа жатады? ( «Б» тобы)

3.Қай қалада трактор шығарылады? (Павлодар)

4. Зауыттарды ғылыми орталықтарға жақын орналастыру себебі қандай факторға жатады? (Ғылыми қажеттілік)

5. Каспий теңізіндегі жаңа салынып жатқан порт. (Баутино)

6. Байланыс саласы. (Почта)

7.Қазақстандағы алғашқы ірі теміржол. (Орынбор-Ташкент)

8.Демалыс, емдеу, туризм үшін пайдаланылатын табиғат нысандары мен адам қызметі қандай қорларға жатады? (Рекреациялық)

ІІ. Гейм «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар».

Команда мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.

«Бөшке ішіндегі сұрақтар»

1.Кен байытудың флотациялық әдісі.

2.Толық циклді металлургия комбинаты дегеніміз не?

3. Мыс пен қорғасын-мырыш өнеркәсібінің негізгі аудандары мен орталықтарын ата?

4.Қазақстандағы ең ірі «Химфарм» зауыты қайда орналасқан? (Шымкент)

5.Полиэтиленмен полипропилен зауыты Қазақстанның қай қаласында орналасқан? (Атырау)

6.Ауыл шаруашылығы ғылымның жаңа жетістігін пайдаланып дамуы. (Интенсивті)

7. Ш.Қ.О қандай техникалық дақыл көп өсіріледі? (Күнбағыс)

8.Мақта шаруашылығымен еліміздің қай облысы айналысады? (Оңтүстік Қазақстан)

ІІІ. Гейм «Жұмбақ тас»

Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді.

Сұрақтар:

1.Қазақстандағы кондитер өнеркәсібінің орталықтары. (Алматы-Қарағанды)

2.Бұл облыста еліміздегі барлық мақта тазалау зауыттары орналасқан, жіп иіру және мақта – мата фабрикалары бар. (Оңтүстік Қазақстан)

3.Еліміздегі балық аулаудың негізгі ауданы, бағалы бекіре тұқымдас балық түрін-бекіре, қорытпа, қызыл балық береді. Ол қандай облыс? (Атырау облысы)

4.Жібек құртын-піллә өсіруге қолайлы облыс. (Оңтүстік Қазақстан)

5. Марал шаруашылығы қай облыста дамыған, ол шаруашылықтың басты өнімі не? (Ш.Қ.О. пантокрин)

6. Бал, балауыз, прополис алынатын ара шаруашылығы дамыған жер. (Ш.Қ.О. Алтай таулары)

ІV. Гейм. «Сен-маған, мен-саған».

Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды. (Үй тапсырмасы)

V.гейм «Көсемдікке ұмтылу».

Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады. Ал ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай (өздеріне баға: 4-5 жауап -4 ұпай – «4» бағасын, 6-7 жауап -5 ұпай- «5» бағасын) алады.

Сұрақтар:

1.Экономиканың «Қан жүргізетін»-жүйесі (Көлік)

2. Көлік неше құрамдас бөліктен тұрады? (4 құрамдас бөлік)

3.1904-1905 жылы Қазақстанда салынған теміржол. (Орынбор-Ташкент)

4. Ең экологиялық жағынан лас көлік. (Автомобиль)

5.Қазақстандағы құбыр жүйесі дамыған аймақ. (Батыс Қазақстан)

6. Бөтен кемелермен тасымалданған жүктер үшін төлем жасау. (Фрахт)

7.Үшінші теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамып келе жатқан порт. (Баутино)

8.Қазір әрбір 5-ші Қазақстандық басым пайдаланатын байланыс құралы. (Ұялы телефон)

9.Мойылды курорты қай облыста. (Павлодар облысы)

10. «320 әулие жері»-деп қай жерді айтады. (Маңғыстау түбегі)

11. Ұстастыратын материал ішінде басты роль атқарады. (Цемент)

Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 ұпай немесе фишка (Барлық фишкалар бір түсті) алады.

VІ. Қорытындылау.

Бағалау парағындағы ұпай санымен команда мүшелері бағаланады,

VІІ. Үйгк тапсырма: Өткен тақырыптарды қайталау.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.. Алматы «Мектеп» 2013ж. 9 сынып.

  2. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Әдістемелік нұсқау. 9 сынып.

  3. Географиядан 1000 сұрақ-жауап. Ұ.Ә.Есназарова, А.Т.Темірбеков. Алматы 2004.

  4. География тест тапсырмалары. К.Каймулдинова, Б.Асубаев, Б.Әбдіманапов. Алматы «Мек

Просмотров: 1764 | Добавил: Акжолтай | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
"Ақжолтай" республикалық педагоктарға арналған газеттің интернет нұсқасы-2015