"Ақжолтай" редакциясы


MENU
Главная » 2015 » Ақпан » 24 » Бірінші сынып оқушыларын оқырманға тіркеу
12:22 PM
Бірінші сынып оқушыларын оқырманға тіркеу

«Бірінші сынып оқушыларын оқырманға тіркеу»

Өткізілетін уақыт21.02.2015 ж. 11-00.

Өткізілетін орын : «№ 25 ЖОББМ» КММ, акт залы

Іс-шараның ұйымдастырушысы:

кітапхана меңгерушісі Оразаева Гульнар Абдахметовна.

Іс шараның өтуі :

(Кітапхана суреті)

(Сахна артындағы дауыс)

Тұсаукесер көрсетіліп жатыр (презентации) (кітаптар, мультфильм кейіпкерлері, әуен ойналады)

Жүргізуші шығуы.

Кітап Патшайымы: Ааааал, бәрі дайын? (тексеруде)

Кітаптар? Дайын!

Балалар? О! Оларда осында!

Армысыңдар балалар! (жауап)

Қане балалар естімей тұрмын? (жауап)

Көңіл күйлерің қалай?

Балалар , бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме?

Балалар, бүгін біздің мектепте үлкен мейрам! Ол сендердің оқырман болуларың!

Кітапхана – бұл сендердің адал да мейірімді жолдастарың тұратын үй.

Балалар, сендер білесіңдер ме, кітапханада қанша кітап сақталады екен? Онда 30.000 кітап бар, оларың арасында әртүрлі әңгіме кітаптар, ертегілер, қызықты оқиғалар және журналдар бар. Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? (балалардың жауабы)

«Кітап патшайымының жұмбақтары»


 

Біздің Буклэндте мен бір қобдыйша тауып алдым. Оның ішінде әр түрлі заттар жасырынған екен, олардың не зат екенін білу үшін, бізге жұмбақтар шешу қажет (жқмбақтар қобдыйшасы).

Балалар сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Ал, онда бастайық.

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтiн,

Ол қазына өлмейтiн.    (Кiтап)

 

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)

 

Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)


 

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)


 

Бөлiнгендi табыстырып,

Бiрiктiрсе қабыстырып.

Жымдастырған жiгiт де,

Байқамайсың түгiн де.   (Желiм)


 

Бәрекелді, сендер өте белсенді, әдемі, сүйкімді екенсідер!

Бәріненде өте білімді екенсіңдер.

Сендерге бүгін қонақ келеді, олар өзі қайда екен?


 

(Кейіпкерлер шығуы – Спанч Боб және Патрик)

Бәрі бірге : Армысыңдар Балалар! (ответы детей)

Спанч Боб: Сендер неткен әдемісіңдер! Патрик, қарашы біздің достар , қандай көңілді! Ия? Солай емес пе?

Кітап Патшайымы: Балалар , Сендер оларды таныдыңдар ма? Олар кім? (жауап)

Патрик: О! Спанч Боб! Біздің достар көңілді ғана емес олар сондай ақылды!

Спанч Боб: Патшайым, саған үлкен рахмет, бізді осы мейрамға шақырғаның үшін! Патрик, кел достармен ойнайық?

Сергіту сәті: «Күн мен түн» 

Патрик: достар, сендер ойнағыларың келе ме? (жауап)

Балалар күндіз біз не істейміз? (жауаптар) дұрыс, ойнаймыз.

Ал түнде не істейміз? (жауаптар) дұрыс, ұйықтаймыз.
Балалар күн (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрады) және түн (балалар жүрелеп отырады). Содан соң бұл қимылды тәрбиешінің айтуымен жылдам орындайды.


 


 

Спанч Боб: бәрекелді балалар, сендерді алдау мүмкін емес екен! Балалар өте сақ екен!

Патрик: Патшайым менің олар мен ертегі ойынын ойнағым келеп тұр?

Патрик: Біздің балалар ертегілер жақсы көреді! Кел ойнайық!

Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен? 
Кебіс кімдікі? (Патшайымдікі) 
Себеттегі самса (қызыл телпек) 
Жыртық шапан (Алдар көсе) 
Кілт (буратино) 
Хат (Хат тасушы Печкин) 

Жүрегі мұзға айналған (Кай)

Аңдар емдеуші (Айболит)

Патрик: Бәрекелді балалар! Ертегілер алғыр, ұқыпты, ынталы, тапқыр балаларды ұнатады! Ал, біздің балалардың бәрі осындай!

Спанч Боб: Достар көңіл күйлерің қалай? Қанекей бәрің бір ауыздан ОК дейікші!

Патрик: Спанч Боб біз достарымызбен билегенге қалай қарайсын?

Спанч БобДостар билесек билейік?!

Танец «Арам-зам-зам»

Спанч Боб: Достар, сендерді бүгінгі мейрамдарыңмен құттықтаймын! Әр қашан белсенді, үлгілі, тәртіпті, ақылды болыңдар! Күнделіктерің бестіктерге толы болсын! Келесі кездескенше!

Кітап Патшайымы: Бізге қонаққа келгендеріңе рахмет!Сау болыңдар!

(кейіпкерлер кетеді)

Кітап Патшайымы : Балалар, кітаптар бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған.

Олар өте қымбат тұрған.Бір кітапты бір үйір жылқыға, бір үйір сиырға немесе құнды аңдардың терілеріне айырбастаған. Сол кездегі адамдар кітаптың өте құнды екенін білген онсыз өмірлері қараңғы екенін түсінген.

Әрбір кітап ол жаны бар тіршілік көзі, оны оқымасаң олда солып , өліп қалады.

Әр кітаптың орны бөлек, өзінің тарихы бар. Олар бізге білім береді, көзімізді ашады,тіпті бүкіл өміріміздің соңына дейін бізбен бірге. Біз өз тарапымыздан кітапқа дұрыс қарап, оны ұқыпты ұстап, оқып түсінуіміз керек. Кітапты қолданудың өзіндік ережелері бар. Жоғарғы сынып оқушылары, сендерде осы ережелерді жақсы білесіңдер, қанекей оны қайталайық.

сынып оқушылары ережені қайталайды
1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2. Кітапты ұстамас бұрын қолды жуып, құрғатып сүртіп алу керек.
3. Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.

4. Кітаптың беттерін жұлуға, суреттерін қиып алуға болмайды.
5. Кітапты бүктемей, кітап баулығын пайдалану қажет.
6. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

7. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
8. Кітаптарды нген жерге тастауға болмайды, өзінің орны бар сөреде, стол үстінде жатуы керек.

Кітап Патшайымы: Балалар біз сендермен тағы бір ережені ұмытып барамыз.. олоқулықтарға байлынысты. Оқулықтар міндетті түрде қаптаулы болу керек. Сендер оқулықты күнде қолданасыңдар, сондықтан ол қапсыз болмауы керек.

 

Қысқа метражды мультфильмнен үзінді «Сиқырлы кітаптар»

Кітап Патшайымы: Балалар бізге тағы бір қонақ келіп тұр. Қарсы алайық!

(әуен ойнайды да миньон шығады)

Миньон: лабати, лабати лобати бобс!

Кітап Патшайымы: Балалар сендер оның не айтқанын түсіндіңдерме? (балалар жауабы) менде түсінгенжокпын. Балалар қандай ертегі түрлерін білесіңдер, ертегілер үш түрлі болады. Тұрмыс салт, сиқырлы, жануарлар туралы емес пе? Барлық сиқырлы ертегілерде дұға айту арқылы дуаланған кейіпкерді оятуға болады. Бізге бір кішкене сиқыр жетпей тұрған сияқты.Ендеше қане бәріміз бірге «Вингардиум левиосссо», бәріміз бірге «Вингардиум левиосссо».

(сиқырлы әуен орындалады)

Миньон: Армысыңдар балалар! Амансың ба Патшайым! Ух, расында мен сөйлеп кеттім бе. Мені мерекеге шақырғандарыңа рахмет. Бүгін оқырмандар қатарына біздің достарымыз қосылып жатыр екен?! Солай ма?! (бал.жауап)

Балалар сендер жұмбақ шеше аласыңдар ма?......Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер!


 

Жұмбақтар оқу

1.Жол алыс,себет ауыр

Отырмын түбірге, самса жеп.(аю мен маша)


 

2.Орман жанында үшеуі бір үйде тұрады,

Үш табақ, үш жастық ,

Олар кімдікі болады.(үш аю)


 

3.Терезе алдында суытылған,

Сап – сары домаланған (Бауырсақ)


 

4.Ұшып келіп батпаққа түсті 
Батпақта оны ұстап алды. 
Кім жасыл қабыршақты шешіп, 
Бір сәтте сұлу Патшайымға айналды? (патшайым бақа) 

5.Шал кемпірге оралды: 
Кемпірде жаңа астау. (балықшы мен алтын балық) 


6.Тартамын, тартамын, 

Тіпті де жұла алмаймын. (Шалқан) 

7. Жерден аспанға ұшу үшін 
Оған үлкен сыпыртқы керек. (мыстан кемпір)

 

Миньон: Жарайсыңдар балалар! Патшайым, біздің балалар ақылды, білімді екен! Ал енді олардың ұқыптылығын тексеріп көрейік. Балалар сендер біздің «Биологиялық орталыққа» болған шығарсыңдар. Ондағы аңдардың бәрін көрдіңдер. Мен қазір аңдардың атын атап олардың не істейтіндерін айтамын, егер бәрі дұрыс болса қоларыңды соғасыңдар, ал егер дұрыс болмаса аяқтарыңды топырлатасыңдар.Келістік пе. Дайынсыңдар ма?

Мен бір күні «Биологиялық орталыққа» келдім. Ондағы қасқырлар ұлып ап жөнелді, ауууууу, аюлар ақыра жөнелді, аааааар, қаздар қаңқылдап ап жөнелді, га..га...га.., ал бүркіттер ысылдап шшшшш, ал жылқылар мияулап, тоты құстар адамша сойлеп...Минион сәлем деп, ал қояндар арсылдап кетті....

Патшайым, балалар шыныменде өте сақ, ұқыпты екен!

Кітап Патшайымы: Бұлар біздің бірінші сынып оқушылары!

Миньон: Мен біздің достарға сыйлығым бар! Достар, сендер сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ғой? (жауап) қане көрейік қалай қабылдайсыңдар? (жауап) менің сыйлығым ол көңілді би. Қане, бірге билейік!

Танец «аррива»

Кітап Патшайымы: Миньон!

Миньон: Патшайым, қонаққа шақырғаныңа саған көп рахмет! Маған өте қатты ұнады! Балалар , сендерге тек қана жықсы оқыңдар, тапқыр, алғыр, білімді болыңдар дегім келеді! Сау болыңдар!

Кітап Патшайымы: Сау бол , Минион!

Орнымыздан тұрайық «ант беремін» деп қайталаймыз;

Кітап ПатшайымыБалалар менің кітапханама оқырман болуларыңа бірақ нәрсе қалды, ол сендердің ант берулерің.

Біз бірінші сынып оқушылары:

Кітапты сүйіп оқуға,

Кітаппен дос болуға,

Ант етемін!

Кітапханаға жиі келіп тұруға,

Оқымысты болуға,

Ант етемін!

Үздік оқырман мәртебесін ақтауға,

Сүйікті кітаптарды қорғауға,

Ант етемін!

Кітап ПатшайымыЕнді сендер кітапхана оқырманы болдыңдар! Құттықтаймын сендерді!

(Барлық кейіпкерлер сахнаға шығады) 

Барлығыңның назарларыңа рахмет,

Көтеріңкі көңілдеріңе, шат күлкілеріңе

Біз сендерге : «Қош болыңдар!»дейміз

Келесі кезіккенше күн жақсы!


 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


 

 

Просмотров: 904 | Добавил: Акжолтай | Теги: Бірінші сынып | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar
"Ақжолтай" республикалық педагоктарға арналған газеттің интернет нұсқасы-2015